Ақан Мергембай: НЕ ҮШІН ҮЙЛЕНУ КЕРЕК? ЕНЕ МЕН КЕЛІН ТЕКЕТІРЕСІ | AdminAnon Podcast

  Рет қаралды 31,786

Nurmakhan Mukanuly

Nurmakhan Mukanuly

Күн бұрын

AdminAnon Podcast-ы 54 - эпизодының қонағы белгілі отбасылық маман, коуч Ақан Мергембай. Ақан Мергембай қазіргі кезде қазақи отбасы институтын қалыптастыру жолында тер төгіп жүрген ағаларымыздың бірі.
Ақан мырзамен не үшін үйлену керек, қарым қатынастағы құндылықтар және ене мен келін жайлы әңгімелестік.
Ақан Мергембай «Отбасы әлемі» орталығында ерлі-зайыпты және қыз бен жігіттің қарым-қатынасына байланысты кеңес береді. Ерлерге арналған «Отағасы» курсы, қыз-келіншектерге арналған «Дана әйел» курсы бар. Толық ақпарат алу үшін: +7 700 410 1212
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін Ақан Мергембайдың «Дайындықсыз үйленбе» атты бойжеткендер мен бойдақтарға арналған кітабы әрі онлайн курсы жарық көрді.
«Дайындықсыз үйленбе» курсы жайлы толық мәлімет:
+7 747 970 3284
«Дайындықсыз үйленбе» кітабын:
www.kitapal.kz
www.meloman.kz
www.flip.kz
Qazyna
Эрудит
дүкендерінен сатып ала аласыз.
Нұрмаханның инстасы: / nurmakhan_mukanuly
Ақан Мергембайдың инстасы: / akanmergembai
Интродағы әуен Аршаттыкі: t.me/HARShAT
Түсіруші топ: / rec.interview
Дыбысты өңдеген: Нұрсұлтан Төлегенов
ТАЙМ КОД:
00:00:00 Кіріспе
00:00:44 Қонақты таныстыру
00:01:14 Не үшін үйленуіміз керек?
00:06:07 Нұрмахан: “Үйленетін кезеңдерді өткізіп алдым...”
00:08:50 “Мінезіміз сай келмеді” деп ажырасу өтірік жамылғы
00:10:50 Отбасыдағы ұрыстың факторлары.
00:13:25 Отбасылық діңгек қалай құрылуы керек
00:15:07 “Үйлену қиын, үй болу оңай”
00:20:02 Құндылық әлде сезім?
00:23:37 Алатын әйелің анаң емес
00:28:30 Екі адамның бір-біріне жайлылығы маңызды
00:34:53 Тек сезіммен үйленудің қауіптері қандай?
00:40:04 Тойға дейін жылуымыз таусылып қалмауы керек
00:42:56 Отбасылық жарғы жасаңыздар деп ұсынамын
00:44:56 Қызға жігіттен сыйлық алмау керек
00:48:53 Әйел адам мықты ерге арқа сүйегісі келеді
00:52:26 Сыйлықты тойдан кейін бер
00:55:50 Жігіттер қыздың өткеніне, қыздар жігіттің болашағына қарайды
00:57:38 “Күйеуім мені тыңдамайды”
01:02:56 Ер мен әйел психологиясы
01:10:26 Жауапкершілік алу тек материалдықпен шектелмейді
01:14:22 Үйлену үшін де білім алу керек пе?
01:16:48 Отбасылық романтика қалай болуы керек?
01:20:33 Ата-енемен тұратындар үшін сезім көрсету қиын
01:26:04 Ене келініне көрсетуі керек даналық
01:37:03 Сезім білдіре алудың маңыздылығы
01:41:30 Күйеуі бір күн сезімін білдірмесе күмән басталады
01:47:38 Білім алудан ешқашан да қашудың қажеті жоқ
01:49:25 Соңы
#отбасы #қарымқатынас #енеменкелін

Пікірлер: 124
@NurmakhanMukanuly
@NurmakhanMukanuly 6 ай бұрын
Пайдалы подкаст болады деген үміттемін) Өздеріңе ұнаған жерлерін инста, тикток, телеграм каналдарыңа салып қойсаңдар риза болушы едім.
@kikibizza7042
@kikibizza7042 2 ай бұрын
Жигит тозак корген катын жумак. Ербала сыртка шашат праект ишке киргенде катын тозака тарта бастаит.еркек олда праект жасына жазат номер издит. Баишелер мукиат олар дуни лекции жазылсп кызыга тусет. Кызы анасына кол табуын аитат катын оз журтына тарткыскелп турат катын корсе колк кушти........
@kikibizza7042
@kikibizza7042 2 ай бұрын
Кызганшылык катын каиныларына аита бастаит ага сондаи инлери жаксы коса бастаит абысындар блет тарых жазылган блет. Логикасын тексерет кино.
@maira-maira2410
@maira-maira2410 6 ай бұрын
Үйленеді ау осы бала, көп сөйлеп жүр😁
@ainurkydyrbaeva3043
@ainurkydyrbaeva3043 6 ай бұрын
Әзірше ене емеспін, бірақ болашақта жақсы ене болатындай біраз кеңестер тындадым, өте керемет, РАХМЕТ!
@azamatorynbasar6659
@azamatorynbasar6659 6 ай бұрын
Қолыма қалың дәптер мен қызыл, көк ручка алып, әр сөзді ерекше мұқияттылықпен тыңдауға тырыстым рахмет ағалар
@ajarabdiraman2056
@ajarabdiraman2056 6 ай бұрын
Шынымды айтар болсам Ақын Мергембайды осы подкастан бірінші рет көріп тұр екенмін! Пайдалы подкаст болды. Нұрмахан мырза сізге керемет подкаст үшін рақмет!
@user-qz8lr2fb9f
@user-qz8lr2fb9f 2 ай бұрын
Өте керемет сұхпат болды Өзіме керегін алдым ағалар өмір жастарыңыз ұзақ болсын
@aigerimomar9738
@aigerimomar9738 6 ай бұрын
Лағып,Никонет болмаса бітірген түгі жоқ,екі сөздің басын құрай алмайтын адамдарды шақырғанша осындай қарапайым тілмен қоғамдағы проблемаларды нақты айтып,дұрыс жол көрсететін азаматтар шақырылса көрмей қайда барамыз…
@gulziralibaikyzy
@gulziralibaikyzy 9 күн бұрын
Тамаша эфир болды! Дана ене болу білімнен! Жақсы келін болу енеден деген инсайт алдым. Иншаалла дана ене боламын!😍👍👍👏
@user-vr5wg9tb8t
@user-vr5wg9tb8t 6 ай бұрын
Сезіммен қосылған құрбыларымның, таныстарымның көбісі “өөй бала туғасын махаббат қалады” дейді, басында ғашық болып, по умолчанию бәріне көнгенмен уақыт өте бастапқыдағы қалауларын айтып бастайды, содан түсініспеушілік басталады. Себеп: олар үйленер алдында бұндай тақврыпта сөйлеспеген, қанша бала болатынын жоспарламаған. Күнде айқай-шу болғасын, күйеуі алыстай бастайды. Жақын құрбым дипломын алып, 4 жыл жүрген жігітіне тұрмысқа шықты. 4 бала туып, мүлдем жұмыс жасамай 15 жыл үйде отырды, аудан орталығында тұрды. Сол жылдары меннен кимейтін етік, сырт киімің болса берші, үйде отырсың ғо киім не керек деп алып бермейді дейтін. Хотя жолдасы мұнайшы, ата-енесінің бизнестері бар адамдар. Қаржы мәселесі де отбасы болғанға дейін сөйлесетін тақырыптардың бірі деп ойлаймын.
@user-iy6lf5um9i
@user-iy6lf5um9i 3 ай бұрын
Нурмахан осындай сураулардын жауабын тауып,пысыктап санамызга жеткизгенине Рахмет ❤
@Aidugrams.
@Aidugrams. 5 ай бұрын
Мағанда 30ға келдің,не таңдау.Ұста біреудің етегінен деп жиі айтады! Мен айтамын ол адам менікі емес,десем сен не көріпкелсіңба бірге тұрған соң көресің танисың главный шық деп🤦🏻‍♀️Адам сенікі сенікі емес екенін,сөзінен жүріс тұрысынан ақ білуге болады гой…соны ешкім түсінбейді…
@abcdefgmnopsrgg
@abcdefgmnopsrgg 6 ай бұрын
Кеше бір шорц көріп бұл кісі кім екен деп жүр едім ) Жақсы әңгіме болатын сияқты. Бастайықт)
@user-ev6up4kw2n
@user-ev6up4kw2n 6 ай бұрын
Көрмей жатып, мықты подкаст болғанын сезіп тұрмын
@Sabyrzhan.Tolegen
@Sabyrzhan.Tolegen 6 ай бұрын
Нұрмахан Мұқанұлының да ой өрісіне таң қаламын
@user-sq4kp1yu3k
@user-sq4kp1yu3k 6 ай бұрын
Дархандикине тан калып журсек😂😂😂
@sagadatabdrakhman7517
@sagadatabdrakhman7517 4 ай бұрын
Неге?)
@Ken-master13579.
@Ken-master13579. 2 ай бұрын
Чепуха нәрсе.
@user-sy7mu2lx7u
@user-sy7mu2lx7u 6 ай бұрын
Бұл кісіні қараймыз көптен,бірақ осы подкастта түсінгенім,Ақан мырзаның “әйел”адамның психологиясын керемет түсінеді және түсіндіреді екен😄👍
@user-bi2sm7zc6r
@user-bi2sm7zc6r 5 ай бұрын
Көөп рахмет, өте ерекше сұхбат болды🤩👍🏻 Қаншама пайдалы, салиқалы дүниелерден құлаққағыс болдық. Ақан ағамыздың осындай пайдалы берер білімдері сарқылмасын. Әр бір қазағымызға қажетті ақпараттар🥰👍🏻👍🏻💎
@user-vr5wg9tb8t
@user-vr5wg9tb8t 6 ай бұрын
Құндылықтар туралы танысқан күннен бастап ашық сөйлесу керек қыз да, жігіт те деген оймен толық келісемін. Болашаққа жоспар, отбасы, дін, бала тәрбиесі, не маңызды, нені кешіре алмайсың, ажырасуға дейін апаратын нәрсе, қаржылық мәселелер дегенді шешіп алу керек деп санаймын. Сезім қайда дейтін шығар көбісі, меніңше басында влюбленность пен страсть қана болады, махаббат бірге өмір сүргенде пайда болатын сияқты. Құмарлыққа мас болып жүргенде, бір сәт өз-өзіңді тоқтатып саралап алған абзал. Әйтпесе, жастықпен өлдім, күйдім, сүйдім деген махаббат қайда кетеді?) Ғашықтық, құмарлықпен - ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол… Абай Құнанбайұлы
@user-pd3lp3lv9c
@user-pd3lp3lv9c 4 ай бұрын
Барлық ер адамдар көру керек подкаст екен! Керемет әңгіме болды. Рахмет
@user-vh7zb9xq6d
@user-vh7zb9xq6d 6 ай бұрын
Ақан ағаға респект! Алла ісіңізге береке берсін! Алла жар болсын!
@user-sf1xk5op3x
@user-sf1xk5op3x 5 ай бұрын
Ақан ағаны тыңдай бергің келеді ғой шіркін! Әр адамға индивидуально қарайды, алдындағы адаммен қалай жұмыс жасау керектігін біледі сонысы қатты ұнайды.
@user-fs6iq5gd5w
@user-fs6iq5gd5w 6 ай бұрын
Подкаст өте керемет болды және ойға түйер көп нәрсе алдық рахмет үлкен🙌🏻🙌🏻🙌🏻🙆‍♀️ Не үшін үйлену керек? Әйел адамның психологиясы Барлық еркектер бірдей емес Әйелді ешқашан түсінбейсің емес түсінесің Өмірлік принциптар Көзқарастардың сәйкес келмеуі Үйленбей тұрып пікірталас өткізу Іштегінің барлығын айта білу Әйелінен анасын көру Жұмыс істейтін әйел Үйленуге материалды да моральды тұрғысынан дайындалу Сезімге шабуыл жасап, ақиқатты кейіннен ашу Эйфория розовые очки Қол жеткізіп алғаннан кейін … Ожидание күтпеу ешкімнен как и есть и все Сезімнің негізінде шешім қабылдамау Қолға түсіру үшін ғана болған қадамдар Некеден кейінгі махаббат Арқа сүйей аламын ба? Қыз баласы сенетін адамға ашылады, егер де ашылған болса онда ол сеніммен ойнамау керек Ұрыс кезінде басылғанын күтіп шығып кету, немесе ашылып отырып сөйлесу Ер адамда проблема болса, оған әйелі керек емес, тек бәрі дұрыс болғанда керек Әйел адамға ер адам проблема болған кезде, қиналған кезде керек Дастарханға телефон жақындатпау Күйеуі мен әйелі бір біріне туысқан емес Ене келін сол үйге сіңісу үшін қызмет ету керек Ене ақылды болатын болса, келініне салады бар вниманиені Жақсы көремін деп айта білу Отношенияда шектеу болмау керек, бір күн бөлінген внимание басқа күндері де бөлінуі керек Анасындай қарым-қатынас күтсең, қызындай қарау керек Қарапайым ғана заттарды жасай алмасаң, онда үлкен проблемаға да дайын бол Қарым-қатынас керек болса, онда оған жұмыс істеу керек
@user-ov9cy9fu9k
@user-ov9cy9fu9k 6 ай бұрын
душевноооо керемет әңгімелер айтылды, ұйымдастырушыларға Алла разы болсын🙌🙌🙌
@user-fs4nm6et3x
@user-fs4nm6et3x 3 ай бұрын
Керемет! Отбасы маңызды мәселе қазіргі уақытта
@user-yg5iy1oh5y
@user-yg5iy1oh5y 6 ай бұрын
Өте керемет пайдалы подкаст💗Нұрмахан аға менің адамым емес екенін сезем де қоя саламын, дальше сөйлеспей деп жатырсыз ғой. Сұрақ сіздің адамыңыз екенін неден қалай және қандай ісінен сезесіз или бір көргеннен ба?😇😅😅 Жігіттер ге де, қыздарға да көп топырақ шаша беруге болмайды әрине. Бәрі өздеріне байланысты, уйінде көрген тәрбиесіне, жігіттің қызға , қыздың жігітке деген сыйластығы. Ақан мырза топ👍 Пайдасы өте көп✅✅ тыңдауға, көруге кеңес беремін.
@user-dc6lf5ei9o
@user-dc6lf5ei9o 2 ай бұрын
Керемет сұхбат Керемет жауап таптым ай молодец Алла риза болсын Сіздерге
@Kas-el9uo
@Kas-el9uo 6 ай бұрын
Өте қарапайым кісі екен.тілі де...білімі де мықты, опыты да..
@user-gy5nm6vu2b
@user-gy5nm6vu2b 6 ай бұрын
Көп мәселені дұрыс айтып отыр. Үй боламын деген жан жақсылап түйіп алыңыздар 😊.
@user-ws7ob6hk2o
@user-ws7ob6hk2o 2 ай бұрын
Алла разы болсын керемет подкаст болды, өте қатты ұнады Әр отбасы мүшесінің өз жауапкершілігі бар екенін жақсы түсіндіріп берді
@NursaraMyrzakhmet-ut4xm
@NursaraMyrzakhmet-ut4xm 6 ай бұрын
Менде тұрмыс құрғанға дейін ер азаматтардан сыйлық алуды мүлдем құптамаймын.Подкаст 👍
@user-pe7se8xb2i
@user-pe7se8xb2i 15 күн бұрын
Рақмет
@yakamozumi
@yakamozumi 6 ай бұрын
Керемет пайдалы мәліметтер. Ақан ұстазды 2021ж бастап оқимын, "Дайындықсыз үйленбе" кітабын оқығанмын, жанымдағы барлық жақындарым мен оқырмандарыма ағайды тыңдауды насихаттап жүремін. Алла екі дүниеде де бақытқа кенелтсін ұстаз🎉
@Perizat.akberdi
@Perizat.akberdi 5 ай бұрын
Мен бір блокноттың жартысын толтырып тастадым түсінгенімді жазып😍 рахмет пайдалы сұхбат үшін❤
@user-iw5sz6ps7m
@user-iw5sz6ps7m Ай бұрын
Таныссак
@SANASAR86
@SANASAR86 2 ай бұрын
Толық келісем, енелер дана болу керек ❤
@azamatorynbasar6659
@azamatorynbasar6659 6 ай бұрын
Көптен күткен қонағым😊
@user-jl5rc9ue2n
@user-jl5rc9ue2n 6 ай бұрын
Алдыңғы кеңесімен келісемін.Бірақ,баласынан қорғап,сөзін сөйлеп ,немересін өз жанынан жақсы көріп,осылар үй болса екен деп тілеп отырған енелер де бар.Бірақ екі жүзді келін жоқ деп кім айтты?Үйде тірлігіне араласпаймын,Жұмыстамын. Демалысымда бақша мен айналысамын. Барымды беріп осылар үй болсын дегеннің өзінде,келін енем қанымды ішіп жатыр деп балама қарсы қояды.Оған не дейсіз?Келіннің бәрін періште еттің да ,аналарды табанында салып беріп отырсың.Ене қартайғанда маған қарайды деп асты үстіне мың есе түсе бер саласына бермесе,олай болмайды.Бұл жер қате.Енемнен бір жылы сөз естімесем де,7- ай қарадым.Ол адамның жан дүниесіне байланысты.
@user-rk3ud6qs8d
@user-rk3ud6qs8d 6 ай бұрын
Өте керемет және пайдалы сұхбат деп болды. Тіпті сухбат емес сабақ пен білім болдығой. Эх неге бұндай сұхбатты 3-4 жыл бұрын тындамадым екен. Көп қателік кетті ғой😢 көп нарсені түсінбеген екенмін. Рақмет сиздерге, сәттілік тілеймін ❤
@user-jl5rc9ue2n
@user-jl5rc9ue2n 6 ай бұрын
Барлық кеңестері керемет.Бірақ жігіттің аудиодан анасына берген жауабы өте көргенсіздік .Бұл дегенің нағыз ұятсыздық.
@forthesoul17
@forthesoul17 6 ай бұрын
Нұрмахан мырза керемет, жас пен кәріге бірдей пайдасын тигізетін подкаст болды. Ақан Мергембай мырзаға ерекше алғыс, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
@mr.muhamor4405
@mr.muhamor4405 6 ай бұрын
Керемет әңгіме болды! Кейбір сөздерінен көзіме жас толды
@balzhan9898
@balzhan9898 6 ай бұрын
Ураааа
@tansulukhamzieva4073
@tansulukhamzieva4073 Ай бұрын
Керемет подкаст Аллаһ разы болсын👏🏻
@aiasadamkhan
@aiasadamkhan 6 ай бұрын
Керемет керемет ❤😍
@unknownman8750
@unknownman8750 6 ай бұрын
Керемет подкаст 👍🏻
@entertainmenten
@entertainmenten 6 ай бұрын
Алла тіл көзден сақтасын ұстазымызды🤲🏻
@user-ej3pb5rp2h
@user-ej3pb5rp2h 6 ай бұрын
Көзіме жас келді. Басымыздан өткен жағдайларды естіп, біліп.Керемет подкаст болды. Тыңдар құлақ болса
@galaazh4215
@galaazh4215 6 ай бұрын
Raqmet Nurmakhan!! Osy Aqan Merganbaidy shaqyrsa dep jur edim!!
@zarinabakir
@zarinabakir 6 ай бұрын
Керемет! Өте пайдалы
@user-yq4dp1tb2d
@user-yq4dp1tb2d 6 ай бұрын
Кандай кушти подкаст
@rairai7246
@rairai7246 5 ай бұрын
Подкаст кушти болды, барлык ер азаматтар кору керек,
@user-sc3hu7tt4z
@user-sc3hu7tt4z 5 ай бұрын
Өте пайдалы подкаст.Нұрмахан осы кісі секілді берері айтары көп қонақтарыңыз көп болсын.
@AliyanuraQaliyeva
@AliyanuraQaliyeva 6 ай бұрын
Сізді қатты жақсы көрем, Ақан аға!🤍 Алланың разылығына бөленгейсіз!🤍 Менің жүрегіме кіріп шыққандайсыз, барлық айтып жатқандарыңыз💯👏🏻👍🏻
@user-vr5wg9tb8t
@user-vr5wg9tb8t 6 ай бұрын
Не то, что ерлі-зайыптылар, құрбылар, қыз бен жігіт, отбасы мүшелері арасында здоровая дискуссия құру опасно)) көзқарастары сәйкес келмей ренжісіп жатады. Маған көбінде әріптестеріммен, жаңа ортадағы адамдармен талқылауға салған ұнайды, әркімнің көзқарасын білу, логикасын түсіну қызық…
@resmidanara31
@resmidanara31 6 ай бұрын
Подкаст ұнады👍👍👍
@raimsagyn4334
@raimsagyn4334 5 ай бұрын
Мыкты подкаст болды👍
@user-bh1se1dc2k
@user-bh1se1dc2k 6 ай бұрын
Ақан ұстаз өте білікті, білімді маман. Шақырыңызға рахмет.
@user-eh8mg9tf4b
@user-eh8mg9tf4b 6 ай бұрын
Тамаша сухбат 👍 👍👍
@user-ty1gf2tl1v
@user-ty1gf2tl1v 6 ай бұрын
Өте керемет подкаст❤❤❤
@user-rv4kv2yg1h
@user-rv4kv2yg1h 5 ай бұрын
Керемет сұқбат болды. Ененің ролын жақсы айттыңыз.
@user-sk8sn1dn2m
@user-sk8sn1dn2m 3 ай бұрын
Ыбырай Алтынсарин өлеңіндегі жалғасы керемет бастаудың басы,бағдарлама нүктесі болды .
@user-wl2bd7lo4z
@user-wl2bd7lo4z 5 ай бұрын
Оте дурыс
@TreeSurgeon560
@TreeSurgeon560 6 ай бұрын
Мықты подкаст 👍
@dianayesbolova6900
@dianayesbolova6900 5 ай бұрын
🔥🔥🔥
@Janqojaqyzy
@Janqojaqyzy 6 ай бұрын
🔥👍
@user-pn8xz4sm1k
@user-pn8xz4sm1k 6 ай бұрын
Білгенімнен білмегенім көп екен көөп рахмеетт пайдалы подкасттарыңыз көөп болсын 👍👍👍👍😊
@user-ps1kd8mu7d
@user-ps1kd8mu7d 6 ай бұрын
Братан, от души ашылдыңыз ау.
@user-og3ci4jj3x
@user-og3ci4jj3x 6 ай бұрын
Осы психолог кушти тусиндиреди тусиникти подкасты коп болсыншы
@aphrodite_667
@aphrodite_667 5 ай бұрын
👏🏻👏🏻👏🏻
@user-nh4oz3wc5j
@user-nh4oz3wc5j 6 ай бұрын
Керемет подкаст болды ❤❤
@Meruert90
@Meruert90 6 ай бұрын
Отте керемет подкаст болды
@imanabz
@imanabz 6 ай бұрын
Жақсы тақырып
@gulziyamaratkyzy
@gulziyamaratkyzy 5 ай бұрын
Туу, жүрегім елжіреп, көңілім босап кетті ғой соңына таяғанда. Жылы сөзге, қамқор қарым қатынасқа қай-қайсымызда ашпыз ғой жалпы. Мейірімге мұқтаждық бар, мойындаймын. Тек осы тұрмыстық, анау неге сүртілмей қалды, мына нанның беті күйген(сәл қызарыңқыраса да) деген сықылды ұсақ түйек адам көңілінен,сезімінен жоғары басымдыққа ие болып кететіні қынжылтады. Қарым қатынас бір жақты сын, бір жақты өкпе-наз айтылудан жақсарады, бәріміз күшті болып кетеміз деп айта алмаймын.
@madinaaubakirova7641
@madinaaubakirova7641 5 ай бұрын
Қандай керемет пайдалы сұқбат❤❤❤❤❤❤❤❤❤
@aphrodite_667
@aphrodite_667 5 ай бұрын
Ене мен келіннің отношениесі белгілі бір шекарадк қалып қойған сияқты… Миымызда шекара бар, елестете алмайтын нәрселерді айттыңыздар… Өзім жап жас болсамда ертең соншалықты деңгейде енғ бола алам ба деген ой келді. Шынымен тегін нәрсеғой, бірақ бағасыз🫶🏻
@user-pn8xz4sm1k
@user-pn8xz4sm1k 6 ай бұрын
До конца ұйып тыңдадым кушти
@user-vr5wg9tb8t
@user-vr5wg9tb8t 6 ай бұрын
Ақан мырзаны бұрын соңды көрмеген екенмін, осы подкастты жақында танысып сөйлесіп жүрген жігітке жібердім)
@Serik_Olzhas.04
@Serik_Olzhas.04 Ай бұрын
👏👏👏✅
@erstube13r
@erstube13r 6 ай бұрын
Бұл кісіні жастардың көпшілігі танымайтыны өкінішті
@aiduksa
@aiduksa 5 ай бұрын
Керемет әңгіме болдыыы❤❤❤❤👍👍👍👍👍
@muzakz9569
@muzakz9569 6 ай бұрын
Екеуің шәй ішіп оңаша айтатын әңгімені эфирге шығарыпсың
@yakamozumi
@yakamozumi 6 ай бұрын
Керемет Ақан ұстаз. Алла разы болсын 😊 тек "мысалға дегенім ғой" енді деген сөзді көп айтады екенсіз😅қызық, күліп отырдым
@kamshatyergali925
@kamshatyergali925 5 ай бұрын
Керекмет, жігіттер жанұяға дайындайтын курстарға тамаша🔥🔥🔥 сондай осознанный жігіттер көбейсе екен😅
@hobb1t3
@hobb1t3 2 ай бұрын
@user-dl9pt9he9m
@user-dl9pt9he9m 6 ай бұрын
👍👍👍
@user-xt9db1ro4f
@user-xt9db1ro4f Ай бұрын
Керемет подкаст болды🔥🔥👏👍
@user-cj4dd3xb5s
@user-cj4dd3xb5s 5 ай бұрын
🤝👏🏻👍
@user-ft9pi5zy2z
@user-ft9pi5zy2z 3 ай бұрын
Өте керемет подкаст!Неге просмотр аз екен
@asemay7568
@asemay7568 6 ай бұрын
Нурмахан молодееец🔥🔥🔥
@kraken731
@kraken731 6 ай бұрын
Нұрмахан аға❤
@user-ug7ik2nl2z
@user-ug7ik2nl2z 6 ай бұрын
Нұрмаханның кейбір сұрақтары жауапсыз қалды. Маңызды әрі қызық сұрақтар еді
@maira-maira2410
@maira-maira2410 6 ай бұрын
🎉🎉🎉🎉
@user-qx1js6wv4z
@user-qx1js6wv4z 5 ай бұрын
Осы жердегі ақыл кеңестер саналы ақылы бар жүрегінде жылуы бар адамдарға арналған десе болады. Жақсылықты немесе мейрімділікті түсінбйтін де адамдар бар. Сол себепті сені жақсы көремін деген сөздер кез келген адамға өтпейді.
@Aidugrams.
@Aidugrams. 5 ай бұрын
Маған да күлген,әлі де күледі)))жігіт табу үшін курс оқымайтын шығарсың,күйеуге шығу үшін курс оқымайтын шығарсың деп))
@indiranukieva8194
@indiranukieva8194 5 ай бұрын
Жүргізуші сөйлеу мәнерін түзетсе жақсы болар еді Ыңқ мыңқ етіп тыңдарманның жүйкесіне тиеді екен
@user-vr5wg9tb8t
@user-vr5wg9tb8t 6 ай бұрын
Мяяяя жынды ангиме болды, Бир деммен карадым
@syrymturmanov8107
@syrymturmanov8107 5 ай бұрын
Like
@user-fs4nm6et3x
@user-fs4nm6et3x 3 ай бұрын
Көп дүние үйрендікқой
@user-ry5kw1up1l
@user-ry5kw1up1l 5 ай бұрын
Мені алып қашып үйленгенбіз. Жолдасым менен біраз жас үлкен. Отбасында қыз жоқ ылғи ұлдар болып өскеннен бе білмеймін. Жолдасым көңілін білдіре алмайды эмоция мейірім махаббат мүлде жоқ. Бірақ өз анасына да мейірім көрсете алмайды сол үшін түсініп қабылдадым. Бірақ іштей сеземін маған деген көңілін жүрегі қатып қалғанғой деп қоямын. Мүмкін сәбиіміз дүниеге келгенде мейірімі оянатын шығар. Енем сол қыз жоқ 4 ұл болғанға қатты қиналғанғой. Ер адамдарда мейірім жан ашырлық жоқ деп
@user-pn8xz4sm1k
@user-pn8xz4sm1k 6 ай бұрын
Қазіргі жастар ақылсыз милары сан жақта керек емес ақпаратты миларына сіңіріп пайдалы дүниені көзге ілмей ажырасу көөп , келіспеушілік көп сосын осындай сабақ керек .Бұрынғы адамдарымен салыстыруға келмейді .Бітпейтін талап ...
@Kas-el9uo
@Kas-el9uo 6 ай бұрын
Нұрмахан пікір таластырып көрмедік пе?!🫡
@Akzhanym
@Akzhanym 6 ай бұрын
1 сұраққа жауапты дұрыс бермеді ғой, жалпы нәрсе айтылды. Не үшін үйлену керек?
Қыздарға кеңес... 1-бөлім. Ақан Мергембай
1:00:44
Акан Мергембай
Рет қаралды 26 М.
NO NO NO YES! (40 MLN SUBSCRIBERS CHALLENGE!) #shorts
00:27
PANDA BOI
Рет қаралды 75 МЛН
FOOTBALL WITH PLAY BUTTONS ▶️ #roadto100million
00:24
Celine Dept
Рет қаралды 112 МЛН
NO NO NO YES! (40 MLN SUBSCRIBERS CHALLENGE!) #shorts
00:27
PANDA BOI
Рет қаралды 75 МЛН